Енді вахталық ауысымға келетін қытайлықтар коронавирустың әлемде белең алуына байланысты уақытша елге кіргізілмейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов айтты.
Ерғали Сыдымановтың айтуынша, өңірде қытайлықтармен жұмыс жасайтын 39 компания бар. Жыл басында 417 қытайлық азамат облыста вахталық әдіспен жұмыс жасаған. Олардың Қытайға қайтуына және жұмыстан шығуына байланысты бүгінде облыста 200 қытайлық азамат бар.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН