©
Келер жылы «Ата жолының» 51-97 шақырымы қайта жаңарту басталады. Қазір ашық конкурс қорытындысымен анықталған мердігер мекемемен келісімшарт жасалып жатыр. Жол 2021 жылы тапсырылуы тиіс. Оған 4 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Алтаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қарашасында «Ата жолының» алғашқы 50 шақырымына асфальт төсеу басталған еді. Жұмыс 2019 жылы аяқталуы тиіс.
Жалпы, биыл Маңғыстауда «Ата жолын» қайта жаңартумен қатар 62,5 миллиард теңгеге 356 шақырым жол салынып жатыр. Жол жұмыстары 10 нысанда жүргізіліп жатыр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте А. Алтаев осы жобаларға тоқталды.
«Оның ішінде «Ақтау-Қаламқас» және «Таушық-Шетпе» жолдарын қайта құрылымдау (1,2,3 кезеңдер), «Құрық-Порт-Құрық», «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы», «Жетібай-Жаңаөзен» жолдарын жаңарту, «Ақтау-Қаламқас» 88-154 шм автомобиль жолын орташа жөндеу де бар. Сондай-ақ биыл 22 шақырымдық «Қияқты-Тұщықұдық» жолы тапсырылды», - деді А. Алтаев.
2019 жылы Маңғыстауда 10,2 миллиард теңгеге 322,3 шақырым жолдың құрылысы жоспарланған. Бұл жобалардың ішінде «МАЭК» су алу каналынан «Құрық» порт паромды кешеніне дейінгі және «Ақтау-Форт-Шевченко» жолының 5-43 шақырымын 4 жолаққа кеңейту бойынша ЖСҚ жасау бар. Сондай-ақ Мунайлы ауданының Басқұдық ауылына жол салынады.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН,
Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67643,67644,67646"]