©
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен аппарат кеңесінде қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерұлан Мырзатаев республикалық және жергілікті бюджеттің 2018 жылғы 10 айда орындалуы туралы баяндады.
Оның айтуынша, биылғы 1-қарашаға жергілікті бюджетке 118,7 миллиард теңге немесе есеп беру кезеңіндегі жоспарға 96,7% кіріс түскен. Түспей қалған кіріс 4,1 миллиард теңге болды. Бұл толығымен салықтық емес түсімге жатады. 10 айдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің шығыны 136,8 миллиард теңге немесе 94,8% орындалды. Игерілмеген қаржының жалпы көлемі 7,5 миллиард теңге болды.
Маңғыстау облысы бойынша жер қойнауын пайдалану және геология инспекциясының басшысы Алмагүл Келбет пен жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов геология саласы мен жер қойнауын пайдаланудың дамуы туралы баяндама жасады. Ол Маңғыстау облысының аумағында барлығы 251 жер қойнауын пайдаланушы барлау мен өндіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 27 ішінара тексеру жоспарланғанын айтты. Барлығы КСШ (көмірсутек шикізаты) бойынша 7 тексеру, КТПҚ (Кең таралған пайдалы қазбалар) бойынша 12 тексеру, ЖС (Жерасты сулары) бойынша 2 тексеру жүргізілген. «Батысқазжерқойнауы» ӨД Маңғыстау өңірлік инспекциясы бойынша 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 844 150 теңге айыппұл салынды.
Маңғыстау облысында металл емес пайдалы қазбалар — көмір, фосфориттер, бор, құрылыс тастары, кірпіш саздақтар, керамзит және бентонит саздары және басқалары бар екенін жеткізген баяндамашы ашылған кен орындарының 90%-дан астамын жер қойнауын пайдаланушылар өндіріп жатқанын қаперге берді. Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдалануға арналған 314 келісімшарт жұмыс істейді.
- 2015 жылы МЖБ (Мониторинг және бағалау) 8 ауылдың 6 жер асты су қорымен тәулігіне 0,3 мың м3 қамтамасыз етілген, - деді Алмагүл Салихуллақызы. - Барлық 6 ауыл алдын ала су дайындауды талап етеді, ал 2 ауыл (Ақшымырау және Баянды) үшін–тұщытуға жатпайтын жоғары минералданған жерасты сулары анықталды. Барлығы 61,0 миллион теңге игерілді. 2016-2017 жылдарға жер асты суын барлау жұмыстары жүргізілген жоқ. Облыстың басым бөлігінде тұзды жер асты сулары таралған, тұщы жер асты сулары шектеулі. Сондықтан әкімдікке көрші Ақтөбе облысынан «Солтүстік-Айшуақ» ірі кенорнының жерасты сулары есебінен ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру ұсынылған. Кенорын Астрахань-Қиғаш-Маңғыстау құбырына дейін 400 шақырымда орналасқан, бекітілген қорлар тәулігіне 378 мың м3 құрайды.
Жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетовтың айуынша, Бүгінгі күні мониторинг қорытындысы негізінде облыста тіркелген 241 жер қойнауын пайдаланушының 165 учаскесінде келісімшарттан тыс пайдаланылған аймақтар көрсетілген. Қазіргі кезде кәсіпорындардың балансындағы пайдалы қазбалар қоры: Кеспе құрылыс тас (әктас- ұлутас) 147 миллион текше метр; құрылыс қиыршық тас 215 миллион текше метр; құм-қиыршық тас қоспасы 88 миллион текше метр; бордың қоры 125 миллион текше метрді құрайды.
«Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы анықтаған құжаттар тиісті құзырлы органдарға шара алу үшін жолданды. Сонымен бірге, жер қойнауын пайдаланушыларды толғандыратын өзекті мәселелерде бар екенін де айтылды. Олар: кен орындардағы ауыр жұмыстарға жұмысшылардың жетіспеуі; ауыр салмақты (20-25 тонн) жүк машиналарымен жүк тасымалдаудағы шектеу, осының салдарынан жүк машиналары толықтай пайдаланылмайды, тастың өзіндік құны артып, кәсіпкерлерге де, тұтынушыларға да белгілі бір шығындар әкелуде; темір жол тасымалының қымбаттығы.
Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру шаралары туралы мәселені энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Салимов тарқатты. Ағымдағы жылы «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ-мен бірігіп Қарақия ауданының 2 білім беру ұйымында (Жетібай селосы №3 мектеп – 84 миллион теңге, Мұнайшы селосы "Балауса" балабақшасы – 24 миллион теңге) құны 108 миллион теңге құрайтын энергия үнемдеу технологияларын пайдалана отырып жөндеу жүргізілді. Нәтижеде, 45%-ға дейін электр қуаты және 30%- ға дейін жылу үнемделді. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі қарай іске асыру үшін «Электр энергиясын және энергия үнемдеуді дамыту институты» (Қазақэнергосараптама) АҚ-мен бірлікте Ақтау қаласындағы 22 мектептің жарық шамдары жүйелерін пайдалану және жаңарту концепциясы жасақталды. Құны - 548,209 миллион теңге. Жобаға сәйкес: 22 072 дана светильник, 48 770 дана электр шамдарды ауыстыру қарастарылған. Нәтижесі: жылына 35,025 миллион теңге қаражатты немесе 44,68% дейін электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда пилоттық тәртіпте қосылатын тұрғын үйлерде (15 шағынауданда 10 КҚТҮ) жылу, электр энергиясы, су үшін ортақ үйлік есепке алу аспаптары орнатылып, есепке алу аспаптарынан деректерді онлайн режимде алу іске асырылып отыр. Сондай-ақ ағымдағы жылдың аяғына дейін деректерді онлайн режимде беру мүмкіндігі бар автоматтандырылған жылу пунктін орнату жоспарлануда. Бұл жылу беру маусымы кезінде 11,0 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.
«ҚазТҮКШ орталығы» АҚ-ның лизингтік қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы 252 тұрғын үйге 305 бірлік ортақ үйлік жылу есептегіш аспабын орнату жоспарланып отыр. Мұның нәтижесі халыққа жылына 156,1 миллион теңгеге дейін, мекемелерге 8,34 мың Гкалға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 202,0 миллион теңге қаражатқа Ақтау қаласының 30, 32а, 33 шағынаудандарының тұрғын үйлеріне автоматтандырылған жылу пунктін орнату жұмыстары жалғасуда (32а ш/а 12 үйіне 18 данасы қондырылды, қалғаны жылдың соңына дейін). Осы арқылы жылу беру маусымы кезінде жылуды 20-30% үнемдеуге мүмкіндік туады.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА, Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ