«Астана Банкі» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ұлттық банкке сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 214 қаулысына сәйкес «Астана Банкі» АҚ-н "ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заңын бұзғаны, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның үстеме капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамағаны үшін банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап айыру туралы шешім қабылдаған.
Ұлттық банк "Астана банкінің" активтері мен міндеттемелерінің банк секторының активтері мен міндеттемелеріндегі үлесінің төмен болуына байланысты (1%) Банкті лицензиядан айырудың басқа қаржы ұйымдар үшін тәуекелдері болмайтынын хабарлады.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Банктің уақытша әкімшілігі өз қызметін Банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады", - делінген хабарламада.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап тоқтатылды.
Сурет dknews.kz сайтынан