©
2017 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстауда 78 қонақ үй, кемпинг, шипажай сияқты орналастыру орындары тіркелген. Былтыр бұларда 206 мыңға жуық адам тоқтаған. Бұл туралы energyprom.kz сайты хабарлады.
Сайттың мәліметіне сүйенсек, былтыр қазақстанда қонақ үйлер мен шипажайлардың саны 8,5%-ға, яғни 3 мыңға артқан. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Ақмола облысында шоғырланған. Былтыр Қазақстанда қонақ үйге тоқтап, шипажайда демалғандардың саны 25,2%-ға артып, 5,3 млн адамға жеткен. Олардың 4,4 миллионы ішкі туризмді құраса, шетелдіктердің саны 891,9 адамға жеткен.
Маңғыстауға келсек, былтыр Кендірлі демалыс аймағында 19,1 мың адам демалған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға (18,5 мың адам) артық.
Сондай-ақ Маңғыстауда туристерді орналастыру орындары былтыр 4,15 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Жалпы республика бойынша көрсетілген қызмет 2016 жылман салыстырғанда 30,8%-ға артып, 108,36 млрд теңгені құраған.
Ал қонақүйлердің бағасы республика бойынша 4,9% өссе, Ақтауда керісінше 2,4%-ға төмендеген. Мәселен, былтыр Ақтау қонақүйлерінде бір тәулікте тұру орташа есеппен 11 249 теңге болса, биыл 10 974 теңгенің шамасында.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ