©
Бүгін Ақтауда "Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы" ҚБ "Маңғыстау облысы ауылдарындағы кәсіпкер-әйелдер форумы" атты тренингін бастады. Бірлестікке Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), ҚР "Атамен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы демеушілік етеді. ҚР Ұлттық Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінен келген кәсіпкер ханымдар алдымен келген көпшілікпен танысып, тренингтен жақсы нәтиже күтетінін айтты.
Бейнеу тұрғындары тігін цехын ашса, Маңғыстау ауданынан келген ханымдар азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар дүкенінің иесі екен. Мұнайлы ауданында жеке балабақшалары бар азаматшалар да келді. Жас та болса сән салонын ашқан қыздар үлкенгі буыннан үлгі аламыз деп келіпті. Сонымен іскер ханымдар 2 күн бойы өтетін семинар сабақтарында белсенділік танытпақ ойы бар.
https://youtu.be/9KyNXONwvno- Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінде осындай тренингтер өткізіп келеміз. Кәсіби бизнесін дөңгелету үшін әйелдерге білім, идея, сонымен қатар, әдіс-тәсіл керек. Біз ауыл әйелдерінің экономикалық деңгейін көтеруді мақсат тұттық. Іскер әйелдерге Лидерлік, сөз шеберлігі, қызметкерлер арасындағы ымыраластық, келіссөздер жүргізу сияқты қасиеттерді үйретеміз, - дейді " бірлестік директорының м.а. тренер Гүлнара Кушмурзина.
Тренинг қатысушысы, "Құрық ассорти" көкөністерді өңдейтін консервілеу зауытының иесі Гүлжамал Бекбауова алдағы уақытта Қарақияда "Киелі Шаңырақ" атты этноауыл туризмін дамытуды ойлап отыр.
Айгүл ДӘДЕН Бейнежазбаны түсірген автор