©
Маңғыстау 2017 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарға жұмсаған қаражат көлемі бойынша республика бойынша үшінші орында тұр. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.
Қазақстан өзге аймақтары арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарына ең көп қаражат (27,8 млрд теңге) Астана қаласында жұмсалған. Бұл барлық қаражаттың 60% құрайды. Алматы қаласы ғылым саласына 27,2 млрд теңге, ал Маңғыстау 8,5 млрд теңге жұмсапты.
Маңғыстау бұл соманың 8 миллиардын ішкі шығындарға бөлген, яғни кәсіпорын жұмыстарды өз күшімен орындаған.
Жалпы алғанда былтыр Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарға 92,7 млрд теңге жұмсалған деп хабарлады ranking.kz сайты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,6% (3,2 млрд теңге) көп.
Оның 74,3% (2016 жылы - 74,4%) немесе 68,9 млрд теңге ішкі шығындарға, яғни кәсіпорынның өз күшімен орындаған жұмыстарын, ал сыртқы шығындарға 25,7% (бір жыл бұрын 25,6%) 23,8 млрд теңге жұмсалған. Яғни 2017 жылы шарт бойынша басқа ұйымдар ғылыми-зерттеу жүргізуі үшін алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,1% (938,6 млн теңге) артық жұмсалған.