- Тұрғындармен кездесу барысында көтерілген үлкен мәселенің бірі - мал, егін шаруашылығы өнімдерін өткізу. Бұл сұрақ біраз ауылда қойылды. Оны шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Соның бір жолы - коммуналдық базар ашу, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бүгін Ақтау қаласында өткен халық алдындағы кездесуінде.
Облыс әкімінің айтуынша, азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтауда жөн-жосықсыз делдалдыққа жол бермеу қажеттілігі туындайды.
- Қызан, Ақшымырау ауылдарына кездесуге барғанымызда ауылдар арасындағы 36 шақырым жол мәселесін айтты. Соның өзі ет бағасындағы айрмашылыққа әкеліп отыр. Ақтау қаласында бүгінде еттің құны 1500 теңге болса, Ақшымырау мен Қызанның азаматтары әрі кеткенде 900 теңгеге өткізе алады. Ал Маңғыстау ауданының өзінде еттің келісін 1300-1400 теңгеден беруге мүмкіндік бар, - деді Ералы Лұқпанұлы.
Есеп беру кездесуінде өлке басшысы Е.Тоғжанов жөн-жосықсыз делдалдықпен күрестің жолы ретінде коммуналдық базар ашуды ұсынды. Бүгінде коммуналдық базар ашу үшін Ақтау қаласына кіреберістен орын да белгіленген. Яғни, ауыл азаматтары базарға келіп, ет, сүт сияқты ауылшаруашылығы өнімдерін ешқандай делдалсыз өткізе алады.
Сонымен қатар, өлкедегі аудандар мен мен Жаңаөзен қаласында да әрбір тауар өндірушінің өз тауарын өтікізу үшін коммуналдық сауда орындарын ашылмақ. Бұл да делдалдықты жоюдың бір жолы ретінде қарастырылған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН