Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өлке халқының алдында берген есебінде айтты.
2017 жылы жалпы ауданы 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық. Тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша Маңғыстау облысы республика бойынша 3-орында.
- Өткен жылы 7000 отбасы қоныс тойын тойлаған. Тұрғын үй алуға 18 мың адам, жер алуға 166 мың адам кезекте тұр, - деп атап өтті облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Жалпы алғанда барлық макрокөрсеткіштердің оң динамикасы өңірлік экономика өсімін 100% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақтау қаласында облыс әкімі жұртшылық алдында есеп беріп, 2017 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Кездесу барысында облыстық телеарна мен әлеуметтік желілерден тікелей эфир өтті. Тұрғындардың сұрақтарын қабылдау үшін арнайы call-орталығы жұмыс істеді.Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН,
Серік МАЙЕМЕРОВ