©
Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару принциптерін енгізу, ветеринарлық қауіпсіздік сияқты бірқатар мәселелер көтерілді.
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева баяндама жасады.
Облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 47 015 бірлікті құрайды. Бұл 2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8 мың бірлікке артық. ШОБ-пен қамтылған қызметкерлер саны – 112 249 адам. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 519,455 млн. теңгеге өнім шығарды.
Былтыр жергілікті бюджетке 124,4 млрд. теңге салық аударымдары түсті. Оның 17% немесе 21,1 млрд. теңгесі ШОБ тарапынан түскен түсімдер.
2018 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Бірыңғай бизнесті қолдау және Бизнесті дамыту бағдарламасы аясында облыс орталығының жобалары 27%-ды құрайды, ал қалған бөлігі (73%) - Жаңаөзен қаласының және облыстың кәсіпкерлерінің жобалары.
«Біздің алдымызда 2018 жылға дейін кәсіпкерлік қызметті арттырудың үш тапсырмасы тұр. Қаржыландыру көлемі 2,7 млрд. теңге «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасын іске асыру және 1% мөлшермен несие беру; Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін «Кәсіпкер боламын» пилоттық жобасын жүзеге асыру; Сондай-ақ еңбек нарығының трансформациясы шеңберінде бұрынғы мұнайшыларды шағын және орта бизнеске тарту», - деді Венера Мұстапаева.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі