Маңғыстаулық кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан хат алды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құттықтауда Президент маңғыстаулықтарға жуырда ғана тұсауы кесілген бірегей жоба «Нұр капитал» бағдарламасын қолдайтынын жеткізген. Бұл бағдарлама облыс әкімінің осы жылдың қараша айынан бастап жүзеге асырыла бастады.
Жобаның мақсаты – «Туған жер» жобасы аясында халықтың қоғамдық санасын жаңғырту арқылы елдің, аймақтың экономикасына айрықша атсалысу – шынайы патриотизмді ояту. Мемлекеттік тұрақтылықтың бір құралы ретінде - шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.
Бағдарламаны қаржыландыру «Даму» Қорының және «Өзенмұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарты аясында жергілікті атқарушы органға беретін қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландыру көлемі әзірге 2 млд. 700 млн. тенгені, оның ішінде: «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 900 млн. теңге, «Даму» Қорының қаржысы – 1,8 млд. теңге.
Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі – 11 пайыз болса, оның 10 пайызы субсидияланады, ал қалған 1 пайызын ғана кәсіпкер төлейді.