Ақтаудағы аукционда 9 жер учаскесі 250 миллион теңгеге сатылды
[ 2017 ] 4 қазан, 12:18 | Экономика
Ақтау қалалық əкімдігі кеше қала маңындағы 9 учаскені аукцион арқылы сатуға шығарды. Ақтау қаласы №8 өндірістік аумағынан (АвтоЦОН-ға қарама-қарсы, қала беті) ұсынылған жер учаскелері коммерциялық нысан салу мақсатында пайдаланылуы тиіс.
Аукционға барлығы 100 адам қатысқан, яғни әр лотқа шамамен 11 адамнан келген. Сатылымға шығарылған жерлердің көлемі – 1,1498 га-дан басталып, 1,9424 га-ға дейінгі аралықта. Бастапқы сомасы орта есеппен 3,5-4 миллион теңге болған лоттар қатысушылар арасында үлкен бәсекелестік тудырып, нәтижесінде 24-39 миллион теңгеге дейін жеткен. Аукционның қорытындысы бойынша қала қазынасына 253 516 230 теңге қаржы құйылды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының баспасөз хатшысы Болат Қосмағамбетовтің айтуынша, аукционға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы бақылаушы ретінде қатысқан. Палата өкілдері аукционда заңбұзушылық фактілерінің болмағанын айтты.
947
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.