ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жоспарын іске асыру мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарында «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы қабылданып, күшіне енді. Бұл Заңның және кеңестің негізгі қызметі мемлекеттік ұйымдардың шешімдер қабылдауына қоғамдық институттардың және азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңда кеңесті құру механизмі қарастырылған. Қоғамдық кеңес қызметінің мерзімі, кеңес мүшелігіне ұсынылатын кандидаттарға қойылатын талаптар анықталған. Қоғамдық кеңестер жергілікті деңгейде жергілікті өкілетті орган – мәслихат басшысы басқаратын жұмыс топтарымен конкурстық негізде қалыптасады.
Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты – Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіруі болып табылады. Қоғамдық кеңестер қызметі бес қағидат негізінде жүзеге асады: қоғамдық негіздегі, автономдық, дербестік, жариялық, ашықтық және кеңес мүшелерін кезең кезеңімен ротациялау.
Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қаңтардағы №32/341 шешімімен ұсынылған саны 10 адамнан тұратын аудандық мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңестің құрамын мақұладады. Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерінен 30%, білім саласы өкілдерінен 10% , денсаулық сақтау саласының өкілдері 10%, кәсіпкерлік саласынан 10%, ардагерлер өкілі 10% Зейнеткерлер құрамынан 10% Нұр Отан партиясынан өкілдерінен 10% мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын өкілдерінен 10% құрайды. Қоғамдық кеңес құрамын аудандағы барлық сала өкілдерінің болуын басты назарда ұстады. Бұл аудан тұрғындарымен тығыз байланыста жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ұйымдастыру отырысында Қарақия аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, хатшысы мен төралқа мүшелері сайланды.
Қарақия аудандық Қоғамдық кеңесінің жұмысы 1 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Кеңес отырысына аудан тұрғындарын толғандырған мәселелер енгізілді: жер реформасы бойынша облыстық комиссиямен қаралатын мәселелер туралы, полицияның жұмыстары туралы жергілікті атқарушы органдармен жүргізілетін жұмыстар туралы.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 18-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылауды жария рәсімі арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық бақылаудың негізгі нысандары: қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, сондай-ақ Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау болып табылады.
Қоғамдық кеңестің ұстанымдары ҚР заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.
Қоғамдық кеңес жыл қорытындысы бойынша 10 отырыс өткізді. Сонымен қатар әкімдіктің және мәслихаттың 25 нормативтік құқықтық актілері ұсынылып, барлығына қорытынды жауап берілді.
Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі бағыты – мемлекеттік орган басшыларының жұмыс нәтижелері туралы есептерін тыңдау болып табылады. «2016 жылда Қарақия ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» 3 ақпан күні Аудан әкімінің есебі тыңдалды. Тыңдауға аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғам мүшелері және аудан тұрғындары қатысты. Жер реформасына қатысты мәселелерді талқылау, оларды саралау және түсіндірме беру жөнінде 7 маусым күні Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің бірінші орынбасары, облыстық және аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әртүрлі сала басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
21 қазан айында «Жергілікті полиция қызметі» басшысы Қалаубай Жанғабыл Бекмолдаұлы 10 айда атқарған жұмысының есебі туралы, Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Көшенов тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, жер реформасына қатысты өзекті мәселерді талқылап,оң шешімін қабылдады.
Отырыс соңында Қарақия аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы, полиция Қалаубай Жанғабыл Бекмолдаұлы аудандағы тәртіп бұзушылықтың алдын алып, қадағалау тапсырылды.
Қарақия аудандық Қоғамдық кеңесі 2016 жылы 10 мәселе қарап, тиісті шешім қабылдап, өз ұсыныстарын берді. Қазіргі таңда тиісті мекемелер берілген ұсынысты орындау мақсатында іс-шара жоспарын қабылдап, жұмыс жүргізуде. Қаралған мәселелер қадағалауға алынды.
Ауданның Қоғамдық кеңесі жүргізген барлық жұмыстары аудандық әкімдіктің ресми сайтында «Қоғамдық кеңес» атты арнайы айдары жұмыс істейді.
Қоғамдық кеңестер азаматтық бағдарламаларды дамытудың негізгі институты болуы тиіс және барлық азаматтарды оларды толғандыратын өзекті мәселелер айтуға жергілікті атқарушы орган басшыларымен бірлесіп және осы мәселелер бойынша шешу мәселелерін қарастыруға шақырады.
Қоғамдық кеңес кабинетінде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Қабылдауға ниет еткен азаматтар алдын ала 2-20-72 номері арқылы жазыла алады.
Қ.Көшенов Қарақия аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы