Бейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппараттық жиын өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2016 жылға арналған аудан бюджетіне республикалық бюджет есебінен «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бөлінген қаржының игерілуі туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Шабикова баяндады.
Аудан бойынша жүргізілген кейбір мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары, салынып жатырған жаяу жүргіншілер жолы секілді іске асып жатқан жобалармен аудан әкімі Ж.Айтуаров жете танысып, мердігер мекемелер мен басшыларға тиісті тапсырмаларын айтты. Бөлінген қаржыны игере отырып, сапалы жұмыс жасауды ескертті.
«Маңғыстау ауданы бойынша 2016-2017 жылдарға арналған күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық туралы» ақпарламаны аудандық тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Қалиев жасады.
-Қазіргі таңда АҚ «ҚазТрансГазАймақ» Маңғыстау аудандық газ шаруашылығы бөлімшесімен бірігіп аудандағы барлық әлеуметтік обьектілердің күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындығын тексеріп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге хат жолдап, жылу маусымына дейін дайын болу керектігін еркерту жұмыстары жүріп жатыр. Маусым кезінде барлық жылу қазандықтары мен жылу жүйелері, су объектілері, тоқ, газ қызметі қалыпты жағдайда жұмыс жасайды деп күтілуде, - деп атқарылған істерді баяндады. Сондай-ақ, «Окарем-Бейнеу» газ құбырын Үштаған селосынан Шетпе селосына дейін тарту, АГРС орнату, жалпы құны 5 747 682, 887 мың теңге тұратын жұмысына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арқылы мемлекеттік сатып алу өткізіліп, «АБТМ» ЖШС жеңіп алды. Бұл жоба 2017 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Газ құбыры тартылып бітсе Маңғыстау ауданы бойынша көгілдір отыннан ешқандай қиындықтар туындамайтынын айтып өтті.
Айгүл РАХМЕТОВА