Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген Банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге арналған 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1.2.16/222/32 лицензиясы
Екі жүйе құрушы банктің бірігу процесі аяқталуға жақын. Клиенттердің көбісін біріккен банк өнімдер, қызметтер мен сервистердің қандай түрін ұсынады және оларды қандай жаңалықтар күтіп тұр деген сұрақ мазалауда. Halyk Bank-тің бөлшек сауда бизнесі департаментінің басшысы Динара Аманбаева мен Жаңаөзен қаласы бойынша біріккен филиалды басқаратын Гүлжахан Бәйтерекова бұл сұрақ төңірегіндегі барлық күдікті жояды.
- Интеграция нәтижесінде Қазкоммерцбанк клиенттерін қандай өзгерістер күтіп тұр? Салымшыларға, қарыз алушыларға, карта ұстаушыларға көрсетілетін қыз- меттің шарттары қандай болмақ?
Динара Аманбаева: Бұл мәселеде біз үшін ең маңыздысы - клиенттерге ыңғайсыздық туғызбай оларды банк бөлімшесіне келу, қандай да бір қосымша құжаттарды жинау және қол қою қажеттілігінен арылту. Сондықтан, Қазкоммерцбанк клиенттерінің қарыздары мен салымдары бойынша және барлық өнімдердің ағымдағы, несиелік, жинақ шоттары Халық банкке бұрынғы бекітілген шарттармен көшеді.
Гүлжахан Бәйтерекова: Тағы айта кетерлігі, бұдан кейін клиенттерге біріктірілген Halyk Bank-те қызмет алу үшін қандай да бір қосымша келісімдерге қол қою қажет емес. Qazkom карталары туралы айтар болсақ, бұрынғы шартпен бекітілген барлық тарифтер мен мөлшерлемелер карталардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, содан кейін біріктірілген Халық банктің талаптарымен қайта шығарылатын болады.
- Көптеген клиенттерді тариф мәселесі қызықтырады, тіпті кейбіреулері комис- сияның мөлшері өседі деп те айтып жүр.
Динара Аманбаева: Сіз дұрыс айтасыз, Halyk пен Qazkom-ның тарифтік кестелерінде айтарлықтай айырмашылықтар, ұқсас немесе өзге операцияларын орындау үшін қолайсыз болған көптеген түрлі комиссиялар бар еді. Сондықтан біз осы процесті жеңілдету мақсатында бірыңғай тарифтік кестені әзірледік. Бұл ретте, белгілі бір тарифті көтеретін болсақ, бұны клиенттер дұрыс қабылдамай- тынын түсініп, нарықтағы бар тарифтерді қарастырып, аса тиімдісін негізге алдық.
Гүлжахан Бәйтерекова: Соған қарамастан, біз тарифтерді бірден өзгертіп, өсіруді көздемейміз және бұл туралы біз сеніммен айта аламыз. Өнімдерге және қызметтерге жаңа тарифтерді енгізу туралы ақпарат клиенттерге уақтылы және толық көлемде жеткізіледі және олармен www.halykbank.kz сайтынан танысуға болады.
- Қазкоммерцбанктің қандай өнімдері Халық банкке өтеді, біріккеннен кейін қандай сервистер қолжетімді болады?
Динара Аманбаева: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Халық банктің жалақылық жоба қатысушыларына арналған өнімдері мықты, ал Қазкоммерцбанк ауқымды аудитория үшін жұмыс істеді. Сәйкесінше, мақсатты өнімдер желісіне қос банктің бір-бірін өзара толықтыратын өнімдері мен қызметтері кіреді және біріктірілген Халық банктің картасы бойынша жалақы алатындар үшін Halyk bank-тің барлық өнімдері, ал қалған клиенттері үшін енді Qazkom-ның қызметтері мен сервистері қолжетімді болады. Яғни үздік шарттардың өзіндік «гибриді» болмақ: жалақы жобасына қатысушыларға жылдық 1%-дан басталатын (ЖТСМ жылдығы 1,1%) мөлшерлемесімен, ал қалған клиенттер үшін - жылдық 7%- дан (ЖТСМ жылдығы 24,3%) басталатын кепілзатсыз займдар қолжетімді болады.
Qazkom-ның кредиттік карталарына қатысты айтар болсақ, біріктірілген банкте MyCard және American Express карталары- ның барлық желісі сияқты танымал өнімдер толық сақталады. Бастапқыда Qazkom-ның кредиттік карта ұстаушыларына арналған Homebank Orange бағдарламасы Halyk-тың кредиттік карта иелеріне де қолжетімді болады. Бұған қосымша, біз, шығарылатын карталарымыздың мәртебесін көтереміз - бұдан былай карталарымыз тиімді қызметтердің топтамасымен толықтырылады (сақтандыру, мультивалюталық, ниеттестік бағдарламасы және т.с.с.) Visa Gold / MasterCard Gold.
Гүлжахан Бәйтерекова: Біріктірілген банк клиенттері үшін ниеттестік бағдарламасының өрісі да кеңейе түспек. Біріктірілген банк клиенттерінің нақты қалауына байланыс- ты жастарға, саяхаттаушыларға, аналарға, зейнеткерлерге және т.б. арналған арнайы ұсыныстар болады. Біз супермаркеттерде, киім дүкендерінде, жанармай құю бекеттерінде төлем жасағаны үшін бонустар ұсыну сияқты сервистерге жіті мән береміз.
- Кепілзатты қарыздармен жұмыс қалай өрбиді?
Динара Аманбаева: Біріктірілген банкте ипотека Халық банктің картасы арқылы жалақы алушылардан басқаларға да қолжетімді болады. Жалақы жобасының қаты- сушылары жылдығы 12,5%-дан басталатын (ЖТСМ жылдығы 14,8%), қалған клиенттер - 17%-дан басталатын (ЖТСМ жылдығы 18,9%) мөлшерлемемен ипотекалық қарыз ала алады. Ипотекалық қарыздың ең ұзақ мерзімі 20 жылды құрайды, бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері - сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнынан 20%-дан басталады (қосымша кепілзат қойылғанда 0%).
Гүлжахан Бәйтерекова: Бұған қоса Qazkom-ның жалақы жобасының барлық қатысушысы банктер біріккеннен кейін серіктес автосалондар желісінен, сонымен қатар отандық автокөлік өндірушілерді қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа көлік сатып алуға бастапқы жарнасыз автокредит ресімдей алады. Мұндай қарыздардың шарттары клиенттердің көпшілігі үшін түсінікті: автокредит мөлшері 6 млн. теңгеге дейін, серіктес автосалондар желісінде автокредиттеу бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 15%-дан басталатын (ЖТСМ жылдығы 17,6%); отандық автокөлік өндірушілерді қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдығы 4% (ЖТСМ жылдығы 4,1% басталады).
- Біріккен банктің өнімдері бойынша ақ- парат түсінікті, ал клиенттерге қызмет көр- сету саласында қандай өзгерістер болмақ?
Динара Аманбаева: Біз клиенттерге қызмет көрсету сапасын бақылайтын арнайы бөлімше құруға кірістік. Банк ішінде түрлі процестерді автоматтандырған сайын көрсететін сервисіміздің де сапасы өседі деп үміттенеміз. Бұл, әрине, ұзақ процесс, бағалап көрсек бірнеше айға созылады екен, алайда сервисіміздің деңгейі бұдан әрі көтеріле түседі деп сенімді түрде айта аламын.
- Филиал желісімен не болады? Қазкоммерцбанктің бөлімшелері жабыла ма, әлде олардың бәрі Халық банктің филиал желісіне қосыла ма?
Динара Аманбаева: Біз Qazkom бөлімшелерін жаппай жабуды жоспарлап отырған жоқпыз. Әрине, Халық банк пен Қазкоммерцбанктің жақын орналасқан бөлім- шелері бірін-бірі қайталамас үшін оларды оңтайландыру шешімін қабылдап жатырмыз, яғни кейбір бөлімшелер жабылады, ал кейбірінің мекенжайы ауысады немесе бір ірі бөлімше болып біріктіріледі. Біз, әрине қазіргі клиенттік базаға қызмет көрсету үшін сату арналарының көлемін барынша қалдыруға тырысамыз. Қос банктің қайталанатын бө- лімшелерін оңтайландыру бойынша жүргі- зілген жұмыстарды ескергенде біріккен банкте клиенттерге қызмет көрсетудің 635 сату арнасы қызмет етеді.
Гүлжахан Бәйтерекова: Біріккен филиалға 5 бөлімше, 68 банкомат және 14 төлем терминалы кіреді. Жаңаөзенде Қазком- мерцбанктің бөлімшесі сол құрамда, сол мекен-жайда өз жұмысын жалғастырады. Филиалдың жоспарында бірігу процесі тұр, әрі интеграция аяқталған соң қосымша 1 сатылым арнасын ашуды көздеп отырмыз. Біріккен филиал нарықта жеке тұлғаларға, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету бойынша өз үлесін нығайтатын болады. Айта кетерлігі, Жаңаөзен филиалының аймақтық дәрежесі бар, сол себепті ол заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді, шағын және орта бизнесті, соның ішінде мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсете алады.
- 2015 жылы ҚКБ мен БТА біріккен кезде бөлімшелерде кезекте тұру мәселесі туындады. Осындай мәселенің алдын алуды қалай жоспарлап отырсыздар?
Динара Аманбаева: Клиенттерді интернет және мобильді банкинг, банкоматтар, төлем терминалдары және мультикиоскілер сияқты қашықтықтан қызмет көрсету арналарына көшіру бойынша үлкен жоспарларымыз бар, яғни клиенттер онлайн тәртібінде ақшаларын аударып, төлемдерін жасап қана қоймай, депозиттер де аша алады, карталар шығаруға және кредиттер ресімдеуге өтінімдер де бере алады.
Гүлжахан Бәйтерекова: Бұған қосымша ретінде біз Қазкомның бейнебанкингін де белсенді түрде енгізудеміз, ол клиенттерге қызмет көрсетуді айтарлықтай жылдамдатуға, осылайша банк бөлімшелерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Осы жаңалықтың барлығы - заман талабы, сондықтан, біз, миллиондаған клиенттерімізге барынша жылдам әрі сапалы қызмет көрсету үшін ең алдыңғы қатарлы және заманауи қаржы шешімдерін енгіземіз.
Дарина АҚБЕРЕН
/А/