Ақтауда желтоқсанның 9-ы күні күндіз жауа бастаған қар 10-ы күні түс ауа тыйылды. Ақтауда жауған алғашқы қар тұрғындардың көңілін сейілтіп тастады. Балалар да аппақ қардан аққала жасап үлгеріпті.
Тек сирек жауатын қар жарқ етіп, жоқ болып кететіні бар. Ауа-райы жиі жылып кететіндіктен, еріп кетуі де бір-ақ сәт. Ізі бар да, өзі жоқ. Сондықтан Ақтауды қар басуы - ел үшін үлкен жаңалық.
Фототілшіміз қаланың халқын қуантқан ерекше сәтті түсіре біліпті. Сонымен аппақ қарға оранған Ақтау көшелерінен фоторепортаж ұсынамыз.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="44431,44432,44430,44429,44428,44427,44426,44425,44424,44423,44422"]