Форт-Шевченко қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында Түпқараған аудандық ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева «Жасыл ел» жұмысын жауапкершілікпен табысты аяқтауға тілектестігін білдірді.
- «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастар өз бетімен еңбек етіп, табыс табуға икемделеді. Ең бастысы аудан аумағын абаттандыру, көк желекпен көмкеру жұмыстарына белсенді атсалысады. Жоба елгезек жастарды еңбекке баулумен бірге əлеуметтік қолдау іс-шараларын көздейді. Былтыр бағдарлама аясында аудан бойынша 120, ал биыл 160 бала жұмыспен қамтылды, - деп атап өтті Шолпан Нұрғалиева.
«Жасыл ел» маусымының ашылу рәсімінде еңбексүйгіш жастар туған өлкені көркейту, көгалдандыру жұмыстарын атқаруды көздейтінін атады.