Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Бейімбет Сүлейменов мәлімдеді.
Кәсіпорын биыл мамыр айында ашылады деген жоспар бар. Егер кәсіпорын іске қосылса, сүт өнімдері қолжетімді бағада халыққа ұсынылады.
«Полимер Пласт Ақтау» кәсіпорны ауданға 100 млн теңге инвестиция салды. Қазіргі таңда цехтың 70 пайыз монтаж жұмысы аяқталды. Кәсіпкер сүт өндіретін құрылғыларды Ресей елінен алған», - деді Бейімбет Сүлейменов.
Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» аясында кәсіпкер жалпы сомасы 160 млн теңге несие алған. Алдағы уақытта ол жұмыс көлемін ұлғайтып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Айта кетейік, бүгінде өңірде 5 сүт өндіретін кәсіпорын бар.