Тұрақты тұрғын үйі жоқ отбасыға "Eurasia Engineering" ЖШС басшысы Махамбетов Кенжеғали Алғабайұлы демеушілікпен тұрғын үй сатып алып берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Баспана Шетпе ауылы, Ащыбұлақ шағынауданынан алынды.
"Осы уақытқа дейін 3 баламен қысы-жазы үй жалдау мен денсаулығы жоқ балаларды бағу машақатын басымнан өткіздім. Бәрінен де балаларымның үйі болатынына шын қуанғанын көру бір бақыт екен. Жақсы адамдардың жанашыр көмегіне алғысым шексіз!",- деді Ботагөз Сағындықова.
Баспаналы болған отбасының қуанышын бөлісуге аудан әкімінің орынбасары М.Сейілов пен Шетпе ауылының әкімі А.Жанбуршиев келді. Көпшілік көпбалалы анаға жақсы тілегін арнап, сауапты іс жасаған азаматқа рақметін айтты.
Айта кетейік, игі іс Маңғыстау ауданының "95 жылдыққа 95 игі іс" жобасы аясында жасалды.