"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес "Маңғыстау Медиа" ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығымен тағайындалған 2022 жылдың 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауға қатысатын ҚР Президенттігіне кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы хабардар етеді. Заңға сәйкес, ол Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күні қарсаңында жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады.
Мangystaumedia.kz сайты және "Маңғыстау медиа" ЖШС-нің мерзімді баспасөз басылымдары ЖШС пен кандидат немесе оның уәкілетті өкілдері арасындағы шарт негізінде үгіт материалдарын орналастыру үшін алаңдар ұсынады.
ҚР Президенттігіне кандидаттар үшін үгіт материалдарын сайтта, әлеуметтік желілерде және "Маңғыстау-Медиа"ЖШС мерзімді басылымдарында орналастыру және төлеу шарттары: