• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Көп балалы отбасыларға жаңа жәрдемақы төлеуді бастау және ұйымдастыру

    [ 2020 ] 26 ақпан, 12:03  |  Жарнама

    © Көрнекі сурет сайт архивінен

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Осы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша әзірленген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыттарының бірі болып табылады.

    Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар көп балалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланған.Сонымен, 4 баласы бар отбасылар – 42 496 теңге (16,03 АЕК), 5 баласы бар– 53 127 теңге (20,04 АЕК), 6 баласы бар –63 757 теңге (24,05 АЕК), 7 және одан да көп баласы бар – 74 388 теңге (28,06 АЕК) алады.

    Маңғыстау облысы бойынша бұл жәрдемақыны 25 025 отбасы алады. Оның ішінде 4 баласы бар – 19508 отбасы, 5 баласы бар – 3 965 отбасы, 6 баласы бар - 1181 отбасы, 7 және одан көп баласы бар – 371 отбасы.

    Әлеуметтік төлемдерді ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»
    Заңының жаңа нұсқасына сәйкес жаңа мөлшерде тағайындау және жүзеге асыру

    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы жүзеге асырылып, мыналар қарастырылды:

    • әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі қарастырылды;
    • әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен еңбек өтілінің арасындағы өзара байланыс қарастырылды;
    • еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі қайта қаралды.

    Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларын іске асыру барысынд ажаңа нұсқада әзірленіп дайындалды.

    Заңның негізгі мақсаты - еңбек өтілі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту, сондай-ақ 2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшерінің орташа есеппен 30%-ға өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

    Осы мақсаттарға жету үшін еңбек өтілі 5 жылдан асатын алушыларға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті қайта қаралды. Бұл коэффициент әлеуметтік төлемдердің үш түріне: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша, жұмысынан айрылуы бойынша жағдайларда әлеуметтік төлемдердің мөлшерін анықтау кезінде қолданылады. Осыған байланысты, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан артық әрбір толық жыл үшін коэффициент 2%-ғаартады.

    Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптамасы нақты белгілеген еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін (30%-дан 100%-ға дейін) ескере отырып, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері айқындалады. Егер 2020 жылға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айырылғанда орташа коэффициенттер қолданылған болса (мысалы, еңбек ету қабілетінен 30%-дан 59%-ға дейін айырылғанда 0,3 коэффициенті, 60%-дан 79%-ға дейін айырылғанда 0,5 коэффициенті, 80%-дан 100%-ға дейін айырылғанда 0,7 коэффициенті қолданылды), енді жаңа механизм бойынша еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 65% белгіленген кезде коэффициенті 0,65 болады, 80% - 0,8, 100% - 1,0 тиісінше.

    Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін асырауындағылар санының коэффициенттерін өзгерту жолымен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арттырылды:

    1) асырауында біреу болса 40%-дан 50%-ға дейін;

    2) екеу болса 50%-дан 65%-ғадейін;

    3) үшеу болса 60%-дан 80%-ға дейін;

    4) төрт және одан көп болса 80%-дан 100%-ға дейін.

    Сонымен қатар жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі қайта қаралды, атап айтқанда:

    1) табысты ауыстыру коэффициенті 30%-дан 40%-ға көтерілді;

    2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 4 айдан 6 айға дейін ұлғайтылды.

    Осыған байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері жаңа тағайындалғандар мен бұрын тайындалғандардың арасында алшақтыққа жол бермеу мақсатында, әлеуметтік төлемдерге қатысты жаңа тәртіптерді қолдана отырып, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша бұрын тағайындалған әлеуметтік төлемдерге бір жолғы рет қайта есеп жүргізілді.

    Жалпы Заңдағы жаңа өзгерістер әлеуметтік тәуекелдердің үш түрі бойынша: еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 30% арттыруға мүмкіндік берді.

    01.01.2020 жылдан бастап төленетін зейнетақылардың, жәрдемақылардың және «МӘСҚ» АҚ
    әлеуметтік
    төлемдерінің мөлшерін арттыру

    «2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар өсті.

    • Зейнетақы 7%-ға өсті.
    • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5%-ға өсті.
    • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 651 теңге;
    • Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 31 183 теңге;
    • Ең төменгі зейнетақы (2020 жылы тағайындау үшін) – 38 636 теңге;
    • Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2020 жылы 46 еселенген АЕК (121 946 теңге) аспауы тиіс.

    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) көтерілуіне байланысты өсірілді.

    • Ең төменгі базалық зейнетақы – 16 839 теңге.
    • Ең жоғары базалық зейнетақы (еңбек өтілі 33 жыл және одан да көп ) – 31 183 теңге.
    • Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) өзгеруіне байланысты 5%-ға өсті.
    • Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (АМЖ) және мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың (№1 және №2 Тізім бойынша) мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты 5%-ға өсті.
    • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдер 5%-ға өсті.

    Баланың туылуына байланысты төленетін біржолғы жәрдемақы өсірілді және осындай болды:

    • бірінші, екінші және үшінші балаға - 100 738 теңге (38 АЕК).
    • төртінші балаға - 167 013 теңге (63 АЕК).

    Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне төленетін жәрдемақылар да өсірілді және осындай болды:

    • бірінші балаға -15 270 теңге (5,76 АЕК).
    • екінші балаға - 18 054 теңге (6,81 АЕК).
    • үшінші балаға - 20 811 теңге (7,85 АЕК).
    • төртінші және одан кейінгі балаларға - 23 594 теңге (8,9 АЕК).

    «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 16 967 теңгені (6,4 АЕК) құрады.

    Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша банкрот салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан азаматтарына төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған ай сайынғы төлемдердің (регресстік төлемдердің) мөлшері де 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5% көтерілді.

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
    коммерциялық емес акционерлік қоғамының
    Маңғыстау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары
    Нурлыбаев У.С.

    1859
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Жарнама Маңғыстау жаңалықтары Қоғам
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Тегін заңгерлік кеңестер ұсынылады

    Келесі жаңалық

    Түбіртекті талап ет те, жүлде ұтып ал!

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Көп балалы отбасыларға жаңа жәрдемақы төлеуді бастау және ұйымдастыру

      [ 2020 ] 26 ақпан, 12:03
      1860

      EF Spelling Bee 2024 тіл байқауына қатысыңыз және Ұлыбританияға 1 аптаға сапар ұтып алыңыз

      23 қаңтар, 15:30
      4561

      «Әдептілік - адамгершілік бастауы»

      [ 2023 ] 9 қазан, 14:08
      5522

      Хабарландыру

      [ 2023 ] 31 қаңтар, 14:37
      1281

      ҚР Президенттігіне кандидаттар үшін үгіт-насихат материалдарын сайтта, әлеуметтік желілерде және "Маңғыстау-Медиа"ЖШС мерзімді басылымдарында орналастыру туралы ақпарат

      [ 2022 ] 13 қазан, 14:05
      6810

      Ақтау-Құрық бағытындағы автожол бойында жеке шаруашылық жері сатылады

      [ 2021 ] 24 маусым, 10:20
      1625

      Рубрикалар

        СпортТүпқарағанХабарландыруҚызық дерекСұхбатҚұқықАнықтама бюросыРухани жаңғыруЖастар бетіМаңғыстау

      Автордың басқа да жазбалары

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      324

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      1960

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      4 қараша, 09:51
      421

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      848

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      654

      Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      667

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»