«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер бермек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz компания баспасөзіне сілтеме жасап.
Зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.