Қазіргі уақытта үйінділердің астынан 2000 жылы туылған зардап шеккен әйел адам және 1994 жылы туылған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала: 5 адам ауруханаға жатқызылды.
“Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция” делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.
Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.