Мұнайлы ауданында тұратын зергер ұлттық қолөнер бұйымдарын өзінің шағын шеберханасында дайындайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы ауданының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайрат Сәрсенбаев 2018 жылы атакәсіпті қолға алып, қазіргі күнге дейін мансап қылып келеді. Суретші боламын деп жүріп, зергерлік жолын таңдаған шебер бүгінгі таңда ұлттық бұйымдардың сан түрін жасақтап жүр.
Шебердің айтуынша, жылына арнайы тапсырыспен 70-80 бұйым дайындайды. 2018 жылдан бері, осы күнге дейін 500-ге жуық әртүрлі бұйымдарды жарыққа шығарған.
- Бір сақинаны жасауға бір-екі күн уақыт кетеді. Білезіктерді үш-төрт күнде жасаймын. Қазақтың ұлттық бұйымының барлығын жасай аламын десем, қате болмас. Мектептегі мерейлі қызметпен бірге, бабадан қалған мұраны жаңғыртумен айналысып жүрмін, - дейді шебер Қайрат Сәрсенбаев.