«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар үшін жарналарды (бұдан әрі-студент) мемлекет жүзеге асырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алайда, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің (бұдан әрі-ҚР ЖП) Ұлттық білім беру деректер базасы (бұдан әрі – ҰБДБ) ақпараттық жүйесінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері жоқ, себебі Қазақстан аумағында аталған тұлғалар студенттер ретінде тіркелмеген. Тиісінше, олар үшін МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер алу мүмкін емес.
Сонымен қатар, электрондық үкімет порталында студенттің мәртебесін өзектендіру үшін egov.kz Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі әзірлеген ҚР ОАМ-ң ҰБДБ АЖ-ға түсетін шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу сервисі жұмыс істейді.
МӘМС шеңберінде студенттердің есебін жүргізу және оларға «сақтандырылған» мәртебесін беру ҚР ОАМ-ң ҰБДБ-нан келіп түскен деректер негізінде Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Осылайша, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын алу үшін шетелдік ЖОО-да оқып жүрген студенттерге egov.kz электрондық үкімет порталында «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде, анықтамамен (оқу орнынан анықтама) қоса отырып, өтінім беру қажет.