25-26 шілде күндері Маңғыстауда танымал имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы жастармен кездесіп, жастардың діни сауаттылығын арттыру тақырыбында ой өрбітеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесу Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының орталығында өтеді деп жоспарланып отыр.
Аталған іс-шара Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің «Жастар керуені» жобасы аясында жүзеге асады.
Әлеуметтік жобаның мақсаты – өңір жастары арасында қаржылық, құқықтық және діни сауаттылықтарды арттыру. Жастарға неке және отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында кешенді ақпараттық және ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру.