Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті - Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бағалау қызметі салаларында басшылықты жүзеге асыратын мекеме. Қаржыгерлер күніне орай Маңғыстау облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Шыңғыс Күреңбектегінің сұхбатын назарларыңызда ұсынамыз.
- Бүгінгі таңда сіз басқарып отырған департамент қандай жұмыстар атқарып жатыр?
- Комитетке мемлекеттік аудит нысанының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін бағалау және тексеру жөніндегі міндеттер жүктелген. Сонымен қатар комитет қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын бағалайды және тексереді. Комитеттің жұмысы 1992 жылдың 15 қазанынан басталды. Сол кезде Қазақстан Республикасының министрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік басқару органдарының жүйесіне кірді. Қызмет барысында мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру мақсатында комитеттің функционалы бойынша да, оның құрылымы бойынша да бірқатар трансформациялар жүзеге асырылды. Нәтижесінде комитет тексерулер мен бақылаудан бастап мемлекеттік аудитке және мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылауға дейінгі жолдан өтті. Осылайша, осы онжылдықтарда ведомство өзіне тән жоғары кәсіби деңгейін, объективтілігін, шынайылығын және ерекше стилін сақтай отырып, дамудың бірегей жолынан өтті. Аумақтық деңгейде комитет ішкі мемлекеттік аудит департаментімен ұсынылған. Бұл ретте, департамент жұмыс істеген уақыт ішінде Маңғыстау облысының мекемелері мен ұйымдарының қаржылық тәртібін арттыру ісіне елеулі үлес қосты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2020-2022 жылдар аралығында департаментпен Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне 528 жоспарлы тексеру жүргізілді. 1892 жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері қаралды. Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 121,3 млрд.теңгеге бюджет заңнамасын бұзушылықтар анықталды.
- Өзіңіз атап өткен заңбұзушылықтарға қандай шаралар қолданылды?
- Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері осы кезеңде бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Белгіленген бұзушылықтардың барлық дерлік сомасы, қабылданған қаржылық бақылау шаралары мемлекеттік бюджеттің кірісіне өтелді, сондай-ақ жұмыстар мен тауарлармен қалпына келтірілді. Департамент қызметінің маңызды құрамдас бөлігі мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің дұрыстығын камералдық бақылау болып. Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау – бұл мемлекеттік сатып алу субъектілерін сатып алуды жариялау және өткізу кезінде бұзушылықтардың бар-жоғына тұрақты қашықтықтан тексеру. Мемлекеттік бақылау кәсіпкерлер арасында салауатты бәсекелестікті күшейту және сыбайлас жемқорлық көріністерімен табысты күресу, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану үшін көзделген. Осылайша, жоғарыда көрсетілген кезеңде жалпы сомасы 1 284,5 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алудың 79 461 рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 69 987 рәсім бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды. Бақылау нәтижелері бюджет қаражатының тиімділігін, заңды мүдделерді қорғауды және кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл ретте біздің аудиторлардың бүгінгі мақсаты - бюджет қаражатын пайдалану кезінде жіберілетін қателіктерді анықтау және кемшіліктерді көрсету ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың қаржы қызметтеріне мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға, салаларды дамытуға көмек көрсету, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау және қандай да бір экономикалық шешімдер қабылдаудың салдарын болжау.
- Кадрларыңыз қаншалықты бәсекеге қабілетті?
- Әрине, жоғарыда аталған жетістіктер біздің аудиторлардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Аудиторлар өздеріне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындайды. Сонымен қатар аға әріптестердің, тәлімгерлердің де үлесі орасан зор. Олардың арасында Гүлнар Берниязова, Қалдыбек Оразбеков, Садуахас Қойланов, Күнсұлу Қабдрахманова және басқалары бар. Олар ондаған жылдар бойы елге адал қызмет еткен мамандар. Әдетте, аудиторлар туралы қоғамда аз айтылады және олардың жетістіктері де көзге көп түсе бермейді. Олардың жұмысы бюджеттік тексерулерден кейін қалпына келтірілген миллиардтаған қаржылар, ауруханалар мен мектептердің сапалы салынуы сынды жұмыстардан кейін көрініп жатады. Біздің арамызда өз ісінің білікті маманы - жас аудиторлар да бар. Атап кетсем, Ақнұр Тендикова, Есен Башағұлов, Нұрсұлтан Аширали, Нұржан Жақайұлы, Әсел Жақсыбекқызы, Сержан Күзенбаев, Рима Қойшыбаева, Жәнібек Садықов.
- Департаменттің қызметі оның міндеттеріне кіретін ағымдағы жұмыстармен ғана шектелмейтін болар...
- Әрине, біздің ұжым өңірдің қоғамдық өміріне де белсенді араласады. Спорт – департаменттің органикалық бөлігі. Ұжым футбол, волейбол, үстел теннисі және басқа да спорт түрлері бойынша турнирлерді ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Бұдан басқа, департамент ұжымымен Ақтау қаласының аумағын көгалдандыру, қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Жалпы, біздің қаламыз үшін қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізу тек бізде ғана емес, бүкіл елде мемлекеттік аудиторлардың игі дәстүріне айналды. Мысалы, жақында комитеттің 30 жылдығына орай Ақтау қаласының Ботаникалық бағына ағаш отырғызу іс-шарасын ұйымдастырдық. Осылайша, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, қоршаған ортасына қамқорлық жасауға үлгі көрсете білдік деп ойлаймыз.
30 жыл ішінде қазіргі әлемдік стандарттар бойынша жұмыс істейтін тәуелсіз аудит институтын қалыптастыруда аға әріптестеріміздің қосқан еңбегі орасан. Бұлар - Майдан Шоқпытов, Хали Досқазиев, Сания Бақаева, Зулай Жапарова, Шолпан Дүйсенова, Нұрғазы Қияс, Евгения Демина және басқа да көптеген жылдар бойы біздің департаментте жұмыс істеген ардагерлерімізді атап өтпеуге болмас. Қаржылық бақылаудың қалыптасуының бастауында тұрған ұстаздарымыз бен аға әріптестерімізге құрмет пен ризашылық білдіре отырып, біз, олардың даңқты жолын жалғастыра бермекпіз. Біз ардагерлерді және Маңғыстау облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұжымын мекемеміздің мерейтойымен және келе жатқан кәсіби мереке – қаржыгерлер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге еңбекте табыс, нәтижелі жұмыс, денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!