Биыл 28 наурыз - 21 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысының 41 шалғай елдімекенінде республикалық көшпелі қоғамдық қабылдау өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қоғамдық қабылдауда 407 азаматтан арыз, өтініштер мен ұсыныстар түсті. Оның ішінде 147 мәселе шешілді, 238 адамға заң аясында кеңес берілді. Ал қалған 22 өтініш қаралып жатыр.
“Алдағы уақытта қабылдауларды онлайн форматқа көшіру жоспарланып отыр. Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасы негізінде заңдарға енген өзгерістерге сәйкес аудан, қалаларда толық және облыста 50% бір мандатты депутаттық жүйе қалыптасады. «Amanat» партиясының әр депутаты өз округына сәйкес Телеграмм каналдарда қабылдау бөлмелері жасақталады”-, деді “Amanat” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев.