Бүгін, 15 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің оныншы кезеңі аяқталды. Шабандоздар белгіленген жолдың 950 шақырымын бағындырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оныншы кезең қорытындысы бойынша Түркістан облысының командасы жеңімпаз атанды. Ал маңғыстаулық шабандоздар мәре сызығына екінші болып келді. Қостанай облысының командасы үшінші болып жетті. Өкінішке қарай, Алматы облысы командасы мен Ұлытау жорықты тоқтатты.
Алда 4 кезең, яғни 350 шақырым қалды. 9 команда 16 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап алғашқы 50 шақырымды еңсеруге аттанады. Түскі астан соң 9-кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен командалар алдында 1050 шақырымды еңсеру міндеті тұр.
Он күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты:
Маңғыстау облысы, 64 сағат 53 минут 55 секунд
Қостанай облысы, 66 сағат 31 минут 31 секунд
Ақтөбе облысы, 67 сағат 06 минут 56 секунд
Жетісу облысы, 68 сағат 26 минут 09 секунд
Астана қаласы, 70 сағат 51 минут 00 секунд
Алматы қаласы, 72 сағат 21 минут 31 секунд
Түркістан облысы, 75 сағат 52 минут 35 секунд
Абай облысы, 75 сағат 55 минут 54 секунд
Қарағанды облысы, 83 сағат 57 минут 04 секунд