«Мәншүк» балабақшасының тәрбиешісі ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес жұмыстан босатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар балабақша директорына сөгіс жарияланды.
Еске салайық, жақында аталған балабақша тәрбиешісінің баланы жұлқылаған видеосы тарап кетті. Ата-аналар да шағымданып, шара қолдануын сұраған еді. Кейін облыстық прокуратура бұл істі ерекше бақылауға алды.