«ӨзенМұнайГаз» компаниясының №4 мұнай-газ өндіру басқармасының аумағында диаметрі 1020/10 техникалық теңіз су құбыры жарылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Техникалық құбырдан мұнай аралас су біраз аумаққа төгілген. Қазіргі уақытта ақауды жою жұмысы жүріп жатыр.
Компания құбырдағы судың құрамында экология мен адам денсаулығына зиян келтіретін элементтер жоқ екенін хабарлады. Оқиға орнына барған экологтар топырақтан сынама алды. Сұйықтықтың жайылған көлемі мен топыраққа сіңген мөлшері анықталып жатыр.
- Ластанған жерлердің көлемі өлшеніп, хаттама толтырылды. Қазір жұмыс жалғасуда. Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеріс тағайындалатын болады. Тексеріс қорытындысы жұмыстар аяқталған соң жарияланатын болады, - дейді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің бастығы Армат Жүсіпқалиев.