Жұмыскерлерді толғандырып отырған бірқатар өзекті проблема жай-күйі талқыланып, түйткілді мәселені заң аясында шешу жолдары жайында түсіндірме жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«Скважиналарды жерасты жөндеу жұмыстарын жасау» 4 лоты бойынша жеңімпаз «Кезби» ЖШС және қосымша жұмыс көзін ұсыну мақсатында үнемделген қаржыдан келісім-шарт жасалған «Ай-Бис» ЖШС өкілі айлық жалақысын сақтай отырып, жұмысқа қабылдау арқылы бірлесе жұмыс істеуге мүдделі және оған дайын екендігін жеткізді.