Кәсіпорын мамандары қаланы ыстық сумен қамту үшін резервуаларды орта деңгейге жеткізуге әлі екі күн керек екендігін айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Қаланы сумен жабдықтаудың орталық торабы резервуарларын толтыру үдерісі жалғасып жатыр. Тиісті деңгейге дейін толтыру үшін әлі екі күн қажет. Резервуарлар орташа деңгейге жеткенде, біз бірден ыстық суды іске қосамыз. Қазіргі таңда бекітілген мөлшерден тым жоғары су шығыны анықталды. Бұл мәселені анықтау бойынша «КЖСА» мекемесімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Ыстық су іске қосылғаннан кейін жуырда жөндеуден өткен ДОУ-8 құрылғысын толықтай жуу қажет , содан кейін кәсіпорын ауыз су беру қысымын арттырады, - деді "МАЭК" ЖШС пайдалану және жөндеу департаментінің директоры Аян Үйкекбаев.