Ақтау қаласының 35 шағынаудан тұрғындары сапалы жол салып беруді сұрайды. Ал жергілікті билік шағынауданішілік жолдың құрылысы сот процедурасы бітпейінше, басталмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің мәлімдеуінше, 35 шағынауданның ішкі инженерлік желілері мен жол салуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары биыл сәуір-мамыр айларында болған. Хаттамаға сәйкес 02.06.2022 жылы мердігер мекеме «Альянс ЛТД» ЖШС жеңімпаз атанған. Алайда конкурс нәтижесіне келіспеген «Таир» ЖШС шағым түсіріп, іс сотқа жолданған болатын.
"Сот 30 қыркүйекке дейін жалғасты. Сот шешіміне сәйкес сатып алу нәтижесі заңды деп танылды. Бірақ талапкер «Таир» ЖШС сот шешіміне келіспей, істі қайта аппеляцияға жолдаған. Осыған орай қолданыстағы Заңға сәйкес сот процедуралары аяқталмай, құрылыс жұмыстарын бастауға құқымыз жоқ", - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімі.