Республикалық маңызы бар «Құрық-Жетібай» автомобиль жолыныңаралығындажаңадан төселген асфальтобетон бетіндеқабыршақтанып жатқан көрінісін кездейсоқ куәгер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Осы жайтқа байланысты өңірдегі жолдардың сапасын бақылайтын мемлекеттік мекеме өкілі түсінік берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық сапа орталығына сілтеме жасап.
«Құрық-Жетібай» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары 0-40 шқ. және 40-64 шақырым деп аталатын екі уаскеден тұрады, жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме - «Ақ жол құрылыс» ЖШС. Бірден айта кету керек, бұл автомобиль жолының құрылысы әлі аяқталып, жол пайдалануға тапсырылған жоқ. Таяуда ғаламторға жарияланған әуесқой түсірілім Құрық елдімекенінен Жетібай ауылына қарай бағыталған автомобиль жолының 0-40 шақырым аралығында түсірілген.Жоба бойынша үш қабат асфальтобетон төселеді.Бұл жұмыстар ағымдағыжылы толық аяқтау жоспарда бар» - деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық-мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау облыстық филиалының директоры Хамзат Сұлтанов.
Оның айтуынша, «Құрық-Жетібай» жолының күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүруін ұлттық орталық қызметкерлері үнемі бақылап отыр. Қолданылып жатқан жол құрылыс материалдары, автомобиль жолыныңұзындығы мен ені, әр қабатының қалыңдығы мен тығыздықкоэффициенттері нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келуі арнайы құрал-жабдықтармен тексеріледі.
«Әуесқой түсірілім жасалған жерде жолдың бір қабаты, яғни ыстық жоғары кеуекті ірі түйіршікті асфальтобетоннан негіздің жоғарғы қабаты төселген. Нормативті құжаттарға сәйкес қысқы уақыта бір қабаты ғана төселген жолмен жүруге болмайды.Жол пайданушыларға айналма жол (обьезд) қарастылған. Көлік жүргізушілері сол жолмен жүруі қажет. Бірақ, кейбір азаматтар салынып жатқан жолғакөлікпен шығып жүр. Салдарынан, құрылысы толық аяқталмаған жолға ақаулар пайда болды. Енді мердігер осы ақауларды жоюмен айналысады. Осы ретте аймақ тұрғындарын уақытша айналма жолмен жүруге шақырамын», - деді Х.Сұлтанов.
Аталған автомобиль жолының құрылысы 5 кезең бойынша тексеріледі. Алғашқысы, мердігер мекеменің сапаны бақылау зертханасынан өтеді. Одан кейін авторлық қадағалау мамандары қарайды. Үшінші кезең - жол обьектісінің басында жүретін техникалық қадағалау мекемесі тексереді. Соңғы екі кезеңде ұлттық жол сапа орталығы мен жергілікті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр.