Оқиға 18 маусым күні түстен кейін шомылуға тыйым салынған жерде болған. Олардың үшеуі өз күшімен жағаға шыққан, ал екеуін басқа демалушылар құтқарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
103 диспетчерінің алдын-ала ақпараты бойынша 2007 жылы туған жасөспірім жолда қайтыс болды, тергеу-медициналық сараптама тағайындалды.
Үш жасөспірімнің жағдайы орташа ауырлықта, суға бату нәтижесінде тыныс алуы бұзылған, МОДБ травматологиясында жатыр. 2008 жылы туған қыз ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде.