221 зейнеткер 20 мың теңге көлемінде азық-түлікке сертификат алды. Кәсіпорын жыл сайын лайықты демалыстағы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Айтулы мерекеде химия саласында ұзақ жыл елеулі еңбек еткен ардагерлер ардақталды. Куксин Юрий Михайлович және Сембіғалиев Жарылғап Дауылбаевич «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Ал Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев еңбеккерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, жалпы экономиканы дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан Қоғам жұмысшыларының өнімді еңбектері елеусіз қалған емес. Жұмысшылар арасында еселі еңбегімен көзге түскен бірқатар азаматтарға төсбелгі тағылып, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаттар және құрмет грамоталар табыс етілді.
Сондай-ақ салтанатты шара барысында Ахметжанов Ерсабыр, Токсанов Нурлан, Чахальян Фатыма, Иванова Елена, Тулегенова Дина, Утебаев Бек, Иванов Николай , Бисембаев Серик , Аренжанов Азамат , Моргунов Виталий «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгілермен марапатталды.
Өткен жылы мерекеде ардагерлерге азық-түлік себеттерін берілген. Биыл зейнеткерлер өзіне тауарды таңдап алады.
Зауыт ардагерлері кәсіпорынға ұмытпағаны үшін алғыс айтып, амандық пен өркендеу тіледі.