Үкімет отырысында қалалық және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері бойынша Премьер-Министр Әлихан Смайылов Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы тәулігіне 50 мың текше метрді құрайтынын атап өтті. Бұл ретте Ақтаудағы «Каспий» тұшыту зауыты әлі пайдалануға берілмеген, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Каспий» тұшыту зауытының өнімділігін тәулігіне 40 мың текше метрге арттыру жобасы 12,6 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда жобаны 80%-ы орындалды. Оны іске асыру мерзімі - 2023 жылдың маусымы. Бірақ, қазір компания әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты өз міндеттемелерін орындаудан бас тартады", – деп түсіндірді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов.
Оның айтуынша, жоба 18,1 млрд теңгеге қымбаттаған.
«ҚР Үкіметінің резервінен 5,6 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлуге жәрдемдесуді сұраймыз. Егер қаражат бөлінсе, зауыттың толық құрылысы 2023 жылдың тамызында аяқталады», - деді әкім орынбасары.
Егер қосымша қаржы бөлінсе, құрылысты осы жылдың тамыз айында аяқтамақ.