Жабайыұшқан» мемлекеттік қаумалы аумағында орналасқан «Бозжыра» шатқалы туристік аймағына кезекті сенбілік жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жыл басынан бері аталған туристік аймаққа әртүрлі елдерден мыңнан астам туристер келді. Туристердің көптеп келуіне байланысты әртүрлі қалдықтар да жиі жиналып қалады. Сондықтан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бозжыра» шатқалында бірнеше рет сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке Қызылсай мемлекеттік өңірлік паркінің КММ инспекторларымен бірге белсенді жастар қатысып, сенбілік жоғары деңгейде өткізілді. Тазалық жұмыстарына 30-дан астам жастар қатысты.
Сонымен қатар, «Жабайыұшқан» қаумалының басшысы Ж. Есенғалиев жастарға, туристік аумаққа келген қонақтарға аумақты таза ұстауды ескертті. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтап, биік шыңдар мен жартастарға жақындамауға, барынша қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.