Қарақия ауданы, Құрық ауылынан 3 шақырым жердегі жағажайда 2011 жылы туған бала суға батып кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары баланың денесі табылғанын хабарлады. Мамандар баланың судағы қауіпсіздік және сақтық ережелерін сақтамағанын айтты.
Қарақия ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарына ескертеді:
- Суға шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз.
- Көпірлерден және бөгеттерден суға секірмеңіз!
- Шомылып жатырған балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
- Суға мас күйде шомылмаңыз.
- Жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз.