Ертең, 19 маусымда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуі өткізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесу Шетпе ауылының мәдениет үйінде өтеді.
Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында болады.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі және электрондық мекен-жайға: Маңғыстау облысы: 8 (775) 620-01-34 artygalieva@inbox.ru