Әскери кеңеске "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының уақытша міндетін атқарушысы полковник Нариман Акбаров және "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әскери кеңеске Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Константин Воронкин және өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің командирлерімен олардың орынбасарлары видеоконференция режимінде қатысты.
Отырыс барысында полковник Нариман Акбаров Ұлттық ұлан жеке құрамының орындайтын міндеттерінің маңыздылығы туралы тілге тиек етіп, офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлігін үнемі жетілдіріп, жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік даярлық барысында жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтауды басты назарда ұстау керектігін айтты. Сондай-ақ жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік даярлыққа және офицерлер мен сержанттардың кәсіби шебер болуына ерекше назар аударды.
Осыдан кейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов 2023 жылғы өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердегі заңдылық пен әскери тәртіптің жай-күйі туралы баяндама жасап, 2024 жылдың 1 жартыжылдығына арналған тапсырмаларды қойды. Аталмыш жиын өз жалғасын таба келе әскери бөлім командирлерінің баяндамалары тыңдалды. Әскери кеңестің соңында жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік даярлықтың және әскери бөлімдегі заңдылық пен әскери тәртіптің нәтижесі бойынша үздік деп танылған әскери бөлімдер "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының дипломдарымен және ауыспалы кубогымен марапатталды.