Бүгін Ақтауда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Білім. Қоғам. Болашақ» атты республикалық форумның І отырысы өтті. Форум аясында аталған партияның Маңғыстау облыстық филиалы мен «Маңғыстау-Медиа» ЖШС арасындағы ақпараттық сүйемелдеу және өзара әріптестікті дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Меморандум аясында саяси партия «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-не қарасты газеттерге жазылу науқанына белсене атсалыспақ.
Айта кетейік, өңірдегі облыстық, қалалық және аудандық басылымдарға 2024 жылға жазылу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Газеттерге “Қазпошта” АҚ бөлімшелері арқылы және “Халық”, “Капий” банктерінің қосымшалары арқылы онлайн жазылуға мүмкіндік жасалған.
“Маңғыстау-Медиа” ЖШС-не қарасты басылымдарында әлеуметтік желіде табылмайтын маңызды материалдар жарияланады.
Өңірдегі өзекті мәселелер қозғалып, оның шешу жолдары мен оқырман пікірі беріліп, халыққа қажетті мемлекеттік бағдарламалар, маңызды құжаттар мен пайдалы ақпараттар түсіндіріледі. Сауат ашу, рухани даму бағытында мақалалар мен журналистік зерттеулер беріледі.