Ұлттық жол сапа орталығы 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары Маңғыстау облысында атқарылған жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ресми деректерге сүйенсек, орталық инженерлері республикалық және жергілікті маңыздағы жолдар құрылысына қолданылған материалдардан 2159 сынама алған. 300-ге жуығы нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келмей шықты. Соның ішінде 120 сынама қайта тексеріліп, мердігерлердің жолдардың сапасын талапқа сәйкес келтіргені анықталды.
«Жергілікті маңызы бар автожолдарда жүргізіліп жатқан жөндеулер бойынша 156 рет бақылау шарасы өтті. 1466 сынама іріктеп алынып, сынақтан өткізілді. Сондай-ақ 28 ақаулық табылды. 17-сі жойылып, қалғаны түзетіліп жатыр. Ал республикалық маңыздағы жолдарға келсек, бүгінге дейін 304 рет бақылау жасалды. 693 сынама алынды. Соның 105-і нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келмей шықты. 55 сынама қайта тексерілді. Нәтижесінде, жол салушылар талапқа сәйкес келтірді. Бұдан бөлек 69 ақаулық табылған болатын. Қазір 5-уінен басқасы жойылды» - деп хабарлады ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі.