Жетібай ауылындағы такси тұрағында аяудауға арналған орын дайындалып жатыр. Бұл жұмыстар Қарақия ауданының 50 жылдығы және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 60 жылдығы аясында демеушілер есебінен салынуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған автотұрақтың аумағы 1400 шаршы метрге жуықтайды.
«Мешіттің жанына көлік тұрағын салып, тұрғындардың қажеттілігін өтеп жатыр. Бұл игі істің басы қасында жүрген азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз. Ауданымыздың мерейтойы аясында ауылымызға керемет тарту болып жатыр, - дейді ауыл тұрғындары.
Қазіргі уақытта автотұрақтың құрылысы жалғасып жатыр. Жоспарға сай қыркүйек айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілмек.