Жетібай ауылын абаттандыру мақсатында көше жарығын орнату жұмыстарының бір бөлігі аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін тұрғындар тарапынан ауылдың кіре берісіне жарық бағаналарын орнату туралы ұсыныстар айтылған болатын. Кейін республикалық бюджетке сұраныс беріліп, жарық бағаналарын орнату қолға алынды.
«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жетібай ауылының барлық шағын аудандарын көше шамдарымен жарықтандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 1000 дана энергия үнемдегіш шамдары қойылған.
«Орнатылған жарық бағаналары көңіл қуантады. Тұрғындардың өтінішіне бей-жай қарамай елеп-ескеріп жатқан жандарға ризашылығымызды білдіреміз», - дейді ауыл тұрғандары.
Бұл ретте жарық шамдарын «АқтауСервисҚұрылыс» ЖШС мердігер мекеме ретінде атқарып жатыр.