1 қыркүйекте 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Білім министрлігіне сілтеме жасап.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың арасында қазақ тілінде білім алуға ең көп ниет білдіргендер бойынша ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында байқалып отыр.
- Жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті –188 900 оқушы. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алады,- делінген ведомство хабарламасында.
55 мың бала оқу жылын жаңа мектептерде бастайды. 2023 жылдың соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар