Маңғыстаулық спортшы велоспорттан ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Астанада 9-12 ақпан аралығында ерлер мен әйелдер арасындағы спринтерлік омниум бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Республика біріншілігінде “Спринтерлік омниум” (8 кезеңнен тұратын жарыс) бәсекесінде маңғыстаулық Сергей Пономарёв күміс медаль иегері атанды. Аталған сында бірінші орын қарағандылық Кирилл Курдидиге, ал 3 орын Ақмола облысынан Андрей Чугайға бұйырды.
19 ақпанда Индонезияда өтетін әлем кубогына қызу дайындық басталып кеткен болатын. Сол себепті, бар күшіміз бен дайындығымызды әлем кубогына жұмсап жатырмыз. Бұл сын біз үшін жауапты сын алдындағы маңызды жарыс болды, - деді велоспорттан Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы Жанұя Сеитова.