Түпқараған ауданында шөп шабу жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқы мал азығын дайындау мақсатында аудан әкімі Рахат Елтизаров, аудандық мәслихат депутаты Есбол Естурлиев және Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Дәулет Өтебалиев «Нұрқабай» шабындық жеріне арнайы барып, мал қыстату науқанына дайындық жұмысын бақылады.
Қысқа дайындық жұмысы мен арнайы шөп ору мәселелері пысықталды.
Әкімдіктің мәліметінше аудандағы шаруаларға 1 түк шөп қолжетімді бағада 800 теңгеден сатылып жатыр.