Желіде Каспий теңізінде экскаватормен кірген жүргізушінің видеосы тарады. Экскаватордың көмегі арқылы серфингпен айналысқан азаматтың жеке басы анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Мұндайды тек Ақтауда ғана көруге болады. Теңізің ортасында экскаватор. Не деген трюк орындау,- дейді видео авторы.
Аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
- Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды, – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.